03.06.2022
  117


Автор: Ескен Елубаев

КIМДI ЖАҚСЫ КӨРЕСIҢ?

– Əкеңдi, əлде апаңды,
Қайсысын жақсы көресiң?
– Қинама, қонақ, баланы,
Жас бала оған не десiн.
Қонақ айт, өзiң шыныңды,
Жауабын қалай бересiң?
Қызыңды ма, əлде, ұлыңды,
Қайсысын жақсы көресiң?..





Пікір жазу