03.06.2022
  257


Автор: Ескен Елубаев

РЕТСIЗ ҚУАНЫШ

Футболшы гол соқты,
Стадион қол соқты.
Қуанды ол, секiрдi
Жас бала секiлдi.
Қол алып достары,
Сүйдi оны, қоштады...
Созылып сiңiрi,
Ол еңбек сiңiрдi.
Жөн делiк оныкi.


Не жорық менiкi?
Отырып үйiмде,
Қуанған күйiмде,
Лақтырып бөркiмдi,
Құшақтап əркiмдi,
Уралап жүргенде,
Оқыс қол тиген бе,
Кесенi сындырдым...
Мен немдi тындырдым?
Бостан-бос бүлдiрдiм...





Пікір жазу