03.06.2022
  142


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ҚАСТАНДЫҚ

– Алдияр, алдыңда жар.
артың – батпақ,
Жылтыратпа сөзіңді
алтын қаптап.
Күн туғанда күрең бір
семсер саптап,
«бас кесерім жасырман»
жау боп қаптап.
– Батыр, алдыңды алдым мен
майданға аттап.
Мен – әлсізбін,
сондықтан
айлам қап-қап:
мен құртқанша
кеудеңді
қақ-қақ, қақ-қақ.
– Мені қалай құртпақсың?
– Мақтап-мақтап!





Пікір жазу