03.06.2022
  172


Автор: Ескен Елубаев

ҚАҚПАШЫ

Қақпашы Тоқпай,
Мықты ешкiм жоқтай,
Секiрдi келiп,
Жел үрген доптай.
Бiлмей де қалды
Сөйтем деп тұрып,
Кеткенiн доптың
Қақпаға кiрiп.
Əттеген-ай!
Қап!
Тұр едiк жеңiп!
Жабыла сөктiк,
Өзiне төнiп!
Көңiлi тасқан,
Қақпашы Тоқпай.
Кiнəлi болды,
Қызарып оттай.
Тұр Тоқпай шөгiп...
Көңiлi жоқтай.
Тұр ендi семiп...
Бiз тескен доптай.





Пікір жазу