03.06.2022
144
ҚЫРСЫҚ ТҰРАР
Көп боп емле қатесi,
Диктантынан «бiр» алды.
Мұны бiлiп атасы,
Жазалады Тұрарды.
Астамшылық қылды ма,
Апасы ашу шақырды.
Сөйткен Тұрар тұрды да,
Екеуiн де қатырды.
Оқта-текте келетiн,
Қырсығы оның ұстады.
Күнде оқып беретiн,
Қойды оқымай «хиссаны».
Ескен Елубаев тақпақтары ескен елубаев балаларға арналған тақпақ балабақшаға арналған тақпақ Тұрар қырсық