03.06.2022
107
ЕМЕН
Қайраттылар ұнамасын, ұнасын –
қара еменнің тамыры асыл, түбі асыл.
қара емендер құламасын,
құласа
көлеңкесі, көлеңкесі құласын.
ЬІшқына ұлып қанша соқсын жел мейлі,
қара еменнің иілгісі келмейді:
қайғыға да қайысқысы келмейді,
Шабамын деп ел ұмтылды ауыл боп,
жығамын деп жел ұмтылды дауыл боп,
түбін көрді дауыл деген жау ырғап:
тым мықты екен!
Жыға алмады оны ешкім,
қайырымсыздық, қаталдықтың символы
емен десті ел сондықтан
десті, десті, деместі.
Маңай ғана сыбыр-күбір кеңесті,
Жапырағын жанай ғана жел есті.
Ол да көкшіл шыбық еді ең баста,
ырық берді ме ел шыбық – емен болмасқа!
Емен болды ол,
еменді-шыбық деген кім?
Шыбық дей ме шыбығына еменнің!
Әйтсе де емен кінәлі еді,
расы:
емен болып жаралғаны – кінәсі.