03.06.2022
147
ТҮЙЕ НЕГЕ КӨҢIЛСIЗ?
Ой-һой, шiркiн, көктем,
Салтанатты неткен!
Жатыр əне – мысық,
Баурында төрт мысық.
Iлесiп жүр итке
Бақандай бес күшiк.
Мынау жүрген – шошқа,
Он бес торай тауып.
Қасында отыз шөже
Анау жүрген – тауық.
Сиырда – бiр бұзау,
Қойда – қозы егiз.
Қоқырайып қаз тұр,
Балапаны сегiз.
Апанында – қасқыр,
Бөлтiрiгi алты.
Аюда – үш қонжық
Əдеттегi қалпы.
Көңiлсiз ғой түйе,
Неге жүр ол жалқы?
Екi жылда бiр рет
Боталайтын салты.
Бота таппай бұл жыл,
Түйе содан тұнжыр...
Ескен Елубаев тақпақтары ескен елубаев балаларға арналған тақпақ балабақшаға арналған тақпақ түйе көңiл көңілсіз Көктем