03.06.2022
  119


Автор: Ескен Елубаев

КӨРIПКЕЛ

Таңдана бер таңдансаң,
Алдымда тұр қандай жан.
Берем əдiл бағасын,
Iскерлiгiн, шамасын.
Жанмын өзiм көрiпкел,
Сенбесеңдер келiп көр.
Бiрақ шартым, келiсiм,
Көрсетсiн тек ол үшiн:
Етiкшi –
тiккен етiгiн,
Темiршi –
жонған тетiгiн,
Тiгiншi –
пiшкен көйлектi,
Оюшы –
құрған өрнектi,
Малшы –
баққан қойларын,
Жолшы –
салған жолдарын.
Ал оқушы баланың
Бiлем,
Қалай талабын?
Күнделiгiн аламын,
Бағаларын қараймын.





Пікір жазу