03.06.2022
  282


Автор: Ескен Елубаев

«ФУТБОЛ»

Мектептен келемiз,
Неге ермек табылмас?!
Кейде доп тебемiз,
Қанша соқ!
Жарылмас!
Бəрiнен Танабай
Елiрiп кететiн.
Ай-шайға қарамай,
Күшенiп тебетiн.
Аяқта керзi етiк,
Танабай – соқталдай!
Футболға ең жетiк,
Добыңды ол соққанда-ай!
Қопсытып ақ қарды,
Ойнап боп шамалы,
Танабай допты əлгi


Қолына алады:
Тер-тер боп, шапқылап,
Бусанып тұрады.
Қарларын қаққылап,
Тiзеге ұрады.
Басқа оны...
Киедi,
Қызарып құлағы.
«Доп» болып жүретiн
Соның ғой...
Тымағы.





Пікір жазу