03.06.2022
129

МАҚТАНЫШ
– Жарқын бiздiң күнiмiз,
Бойшаң болып келемiз.
Салмағымыз,
Құнымыз,
Өстi, өсе беремiз.
Озып кеттi тым алыс,
Ұрпағымыз жетiлген.
Болсақ бұрын бiр қарыс,
Олар жарты метрден, –
Дедi Қияр бəрiне
Қозып кетiп арқасы.
– Бұл жетiстiк,
Əрине,
Химияның арқасы...
***
Бұл мақтанның мəнi не?
Менiң мынау,
Болжамым.
Қарамайды дəмiне,
Қазiр елер
Бой жағын...
Ескен Елубаев тақпақтары ескен елубаев балаларға арналған тақпақ балабақшаға арналған тақпақ мақтаныш