БҰТА МЕН ҚАЙШЫ
Бас почтамт алдында
әлдебіреу бұталарды жүр отап.
Қайшың өткір болса егер
қырқу да бір рахат:
зың-зың етіп ұшады
биік бұта басы, әне;
қайшылы адам биіктерді қырқумен
қысқаларға зор жақсылық жасады.
Бұталарға қырқылған
Қарадым мен күйіп бір:
биіктігі болмаса
кінәсі жоқ биіктің.
Өс, өсе бер,
бірақ та
сұмдық бір сыр болды әйгі:
көрші отырған бұтадан
көп өсуге болмайды!
Бұта басы теп-тегіс
дөңгеленіп тұрса – үлгі.
Шиқ-шиқ күлді қайшысы,
бағбан ауыр күрсінді.
Біткен іс-ау, расында,
мұнша мінсіз неткен іс:
мін жоқ бұта басында,
теп-тегіс-ау, теп-тегіс.
Бір ой келді басыңа,
ойда күмән көп әлі.
Теп-тегіс боп көрінудің өзі де
жасандылық болады!
Табиғатқа – көктемге
керегі не құмартып:
осынша көп бұтаның
шықпаса егер бірі артық?!
Шуақ жаққа ұмтылып,
өсемін дөп арқаң босқа қозбасын.
Сенің бағың, қысқалар,
өз мойныңда өз басың.
Ей, бойлылар, биіктер,
правоң мол биіктікке ұмтылар:
болса-дағы кім қысқа
сенің басың қырқылар.
Бірің – ұзын,
бірің – қысқа,
қайшылардың ісі ғұмыр бітпейді.
«Қырқу» демейд мұны өйткені тұрмыста,
«түзеу» дейді –«теңгер-меші-лік» дейді.