03.06.2022
  88


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ҮРЕЙ

Кей күні – ішің,
кей күні – ісің сатылар,
Америкада
түс көрсең де – төленетін ақы бар.
Арқасында мылтығы бар атылар,
қалтасында президенттің хаты бар,
Ауғанстанға аттаныпты бір сымпыс.
Тасқа болсын, салдың екен – сынсын тіс:
– Бастым, деді әлгі сымпыс, қақпанды!
– Бүйтіп көрген құрсын түс,
өңіңді әкел, өтірігіңді айт жаттанды.
– Өңім сізді қуантпайды – депті әлгі,–
Ауғаныңда атыс-шабыс тоқталды,
түріктерің түтеп піскен қанына
қолға түскен қыздай момын боп қалды.
Алдап-ақ ем ағаш атқа мінгізіп –
хатыңды оқыр табылмады бір бұзық.
– Сонда қалай!
Ел болудан қалған ба?
– Ел ғой, бірақ, ең жасық ел жалғанда.
Қызыл шүбе-рекке қарап намазын
оқып жатыр етектері жалбаңдап.
– Қанжар қайда?
– Қырғыш болған ол кетік,
– Мешіттердің үстіндегі Ай қайда?
– Құлап қапты ұрандар мен айғайдан,
Құранның да беделі жоқ елде түк.
– Жаңбыр жоқ па жауатұғын көлдетіп?
– Тына қапты таулы жер де сілкінбей,
партияға жатыр содан молда өтіп.
– Өсекші де құрыған ба?
– Шапқылап
айтушы бар, тыңдайтұғын жоқ құлақ.
– Сараң қайда сатылатын ақшаға?
– Күзет күшті,
түрмешіде жоқ шама.
Байын – кедей,
бағын – базар тонаған,
құрыды өстіп көп қаракет, көп амал.
Жансыздарың жайрап жатыр,
мен ғана
өткен түні қашып шықтым моладан.
– Моласы не?
– Сэр, енді ұқтың – сол қайғы:
басқа жерден қашуға да болмайды.
– Міне, ендеше! –
қисайды да президент тас-қыңыр
кнопканы басты бір.
Бірі алақтап,
басталды-ау деп бірі ұрыс,
ауызғы үйде абыр-сабыр жүгіріс.
Түйме-күмбез астындағы жылтырақ
қоңыраудың жан даусы
шығып жатыр шырқырап.
Жанын қажап «қызыл қатер»– жалғыздық,
президент кеткен екен сәл мызғып.
кнопка әлгі – түйме сын-ды ед ең ескі,–
үрей қысып кеткен кезде басқаны
Ол кнопка емес-ті.
– Міне, ендеше!– деді тағы тұншығып,
тіліп өтті арқасын
электр-ток бір шыбық...





Пікір жазу