03.06.2022
104
ШАМ
Шыны күйесін сүртіп ап,
пілте күлін қырқып ап,
біреу әкеп шам жақты –
шам отырды жылтырап.
Сонсоң шам да бөсіпті,
Айқай-сүрең салыпты:
– Аш терезе, есікті,
көрсін әлем жарықты!
Сол-ақ екен,
шамға әлгі
құрмет жасап ең ерек,
ілтипатшыл жұрт болып
жиналды көп көбелек:
көлеңкелер қалбаңдады он түрлі,
тірлік кетті болмасқа:.
көбелек кірді,
ашық есіктен жел тұрды –
өшіп қалды шам қасқа.