03.06.2022
  109


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ТАЛАП

Ақылдыға киелі
кигізген жөн кит бүгін:
ит өзінің біледі,
білед дейді иттігін.
Бетке соғу – жат ырым
есекті де есек деп.
Есек те өз ақылын
қойған дейді есептеп.
Әрқайсы өзін болды ұққан
кигіз, қарғы, ноқтаңды!
Итің – ит те,
сондықтан
есек – есек боп қалды.
Ал, мынаны не қысты,
не тасқындық,
не талап:
қыран болам деп ұшты
жардан ұшқан жапалақ.
Қыран құста – қанат бар,
жапалақта – қанат бар,
Қыран құста – дарын бар,
жапалақта – талап бар.
Жапалақ кім – білесің,
қыран бірақ – ұлы есім.
Біреуіне сенесің,
біреуіне күлесің.





Пікір жазу