03.06.2022
96
Екі қарт
– Іше алмаспын,– деді ауру қарт,–
дәріні,
дәрі маған дарымайды бәрібір.
– Неге?– дейді дәрігер қарт таңдана.
– Әй, алдама,– дейді ауру қарт,– алдама,
екеуіміздің дертіміз бір себебі,
не күш табам дәрінің көп, азынан,
не күш берер қажығанға қажыған?
Сен әуелі өзіңді емдеп жазып ал,
сені көрсем – мен өзім-ақ жазылам!
Доғдыр сұп-сұр,
ауру қарт та сұр еді,
екеуі де ауру –
ем береді біреуі,
емделмеуді жөн көреді біреуі.
Біреуі отыр
көндіге алмай жөтеліп,
біреуі отыр
сендіре алмай жөтеліп.
Көрден сүйреп шығарғысы келетіндей бір-бірін
тартысады екі «өлік».