meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.06.2022
  139


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

САРЫҚҰЛАҚ ЭТЮД

Шыңдарды басып бауырға
жылжиды аспан білінбей,
ілінген бұлттар бұтаға
қотыр тайлақтың жүніндей
қайызғақтанған;
дөңдердің
төбел-таз болған талайы.
Қарт қайың ғана дудырайды –
салақ қатынның самайы.
Бір сомдық сарықұлақтай
сарықұлақ жапырақтарым,
көктемде – көктеп,
күз – қурап
жапырақ атын ақтадың:
құлағынан басқа құны жоқ,
о, менің ақымақтарым!





Пікір жазу