03.06.2022
126
«Дем ал!» - дейді...
«Дем ал!»- дейді,
ауа жетпей жүргендей,
«Бір кем дүние»
тырнағында бүргендей.
Ала бұлттар
асығады аунақшып,
Соңғы көштен
қалатындай үлгермей?!
«Дем ал!»- дейді,
мазаланбай тыныштал,
Жүрегіңнен
жылаған мұң жылыстар?!»
Мұқалғанда
найзадайын жігерім,
Қайратыма
жанып-жанып кім ұштар?!
Ақтабанның
арғымағы арымай,
сыйып кетер
қауызына тарыдай.
«Құс жолының
қиыршығын кешіп кет,
Жұтар демге
жүрсең жерде жарымай.
«Дем ал!»- дейді,
артық-ауыс қозғалма!?»
Тірлігіңді
жамайсың ба тозғанда?..
Көсіліп бір
қара жердің қойнында
демалармын,
пәниімнен озғанда...
Оған дейін
көк жусан мен көкалдан
Жұпар жұтып,
емізікпен ем алғам...
Өлуге де
уақыт жоқ әзірге,
Қолын бұлғап
шақырады көп Арман!..
Жауһарым боп
Жоғалған..