03.06.2022
  126


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Қайғы ма...

Қайғы ма,
уайым ба,
түңілу ме?..
Базарым
боркеміктей үгілуде.
Аунайды
арман біткен ала бұлттай,
Тізесі
жүрегімнің бүгілуде.
Кеудеме сыймай
кейде бұлқынады,
Сыйырып
сиқырлы өмір бұлтын әрі.
Жалғанның
Жағасына жармасумен,
тозығы жеткен жүрек
жыртылады.
Жамаймын
жыртық-тесік жүрегімді,
Бақытқа бөлейтіндей
бұл өмірді!?
Сағыздай
созылады сар уайым,
Сүйенген
солқылдатып тірегімді.
Жүректе жырым жылап,
күй егілді,
Естімей өтіп барам
киелі үнді?!
Құдайға
қандай уәж айтар екем,
Сүйретіп
барған кезде сүйегімді.





Пікір жазу