03.06.2022
  98


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Сол жылдар

Сол жылдар
Көрінеді қымбат маған,
Қызығым қалмаса да ұрлатпаған?!
Боздаған боз інгендей бозала бұлт
Селдетіп,
Көзден жасын құрғатпаған.
Қара жер қабырғасы қайысқаны,
Қаралы ел бұғанасы майысты әрі!..
Өгіздің өрге сүйрер мойынында
Төрт елі қатып қалды қайыс табы.
Уақытты ұясынан безіндіріп,
Таң атты
Сәттік ғана көз ілдіріп.
Соғыстың салмағына шыдап берген,
Дала мен анада тек төзімділік...





Пікір жазу