03.06.2022
103
Жылаған жылдар жанары
Жылаған жылдар жанары
Құрғамай өтіп барады,
Жыл сайын «Жеңіс Күнінде»
Қырғынды еске алады.
Қаусаған кәрі жауынгер
Медаль мен орден тағады.
Шабуылдарға шығардай
Жүрегі дүрсіл қағады,
Зеңбіректердің дауысы
Құлағын әлі жарады.
Оқ тескен кеуде сырылдап,
Дірілдеп буын талады.
Адасып қалған ерліктер
Әлі де іздеп табады.
Батырлық, ерлік қашанда
Ел-жұрты үшін бағалы.
Жалайды әлі жүректе
Жазылмай жатқан жараны.
Кеудені керген марапат
Ерлікті еске салады.
Көңілін қарттың аулайды,
Жыл сайын Жеңіс парады.