03.06.2022
  122


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Шұғыласына шомылып

Шұғыласына шомылып
Шырайлансам шоқ нұрдың,
Қойнауынан гүл теріп,
қызықтасам көк қырдың,
Қарызым мен парызым
бір жолата өтеліп,
Жусаныңды жастанып
Жұтайын– деп кеп тұрмын.
Құшағыңды аш,
енейін
еміреніп қойыныңа,
Бітелмесе көмейім,
таусылмаса ой мына,
Тыныштыққа бөгейін
тастап думан-тойды да.
Сен екуміз көп болды
сырласпадық оңаша,
Тіршілікте тоқ жүрдік,
тойған қарын томаша.
Сені еске алдым тек ғана,
Мұнар мұң кеп ораса,
Қарлы боран бораса...
Жалған мынау жарты кеш,
тағдырымды тонаса,
Сені іздедім оңаша!?.
Кейде естен шығарып
алғандаймын, ауылым,
Қуып кетіп күндердің
думаны мен сауығын.
Аттан салып айларды,
Жарқылдатып жылдарды,
шығарып сап жауынды...
Елемеді жастық шақ,
Желің ме
нен дауылды!..
Желдей есіп жүргенде
ұмыттым-ау ауылды?!
Жүрегім енді ауырды!..
Беріктастың бойында
қанбаушы еді ойыным.
Көлеңкесін ұсынған
анау тұрған мойылың.
Көңілді ойдан азат қып,
Өмірді өткен мазақ қып
келді содыр, сой-ұлың...
Тынымыңды табатын
сенің жылы қойының
Ауылым!!!





Пікір жазу