03.06.2022
  121


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Шыбын жан шырқырап...

Шыбын жан шырқырап,
Сүйегім сырқырап тамұқта жана ма,
Жұмаққа бара ма,
Кеудеден ұшқан соң табар өз бағытын?!
Жатармын жайланып,
Топыраққа айналып,
Қара жер құшағы-табытым.
Таусылып дәнім де,
Тиылар әнім де,
Ұшқан соң кеудеден шыбыным.
Жан көкке өрлейді,
Рухым өлмейді,
Тірлігім тапса да тынымын.
Қайта бір соғады,
Басқаға қонады,
Ендеше жалғасар ғұмырым.
Қысқарған кешіме
Налыймын иесіне,
Айналып келсе жан жаңғырып!?
Онда мен тірімін,
Тірінің пірімін,
Жүретін жапанда қаңғырып…
Жас пері жанында,
Ойнаған қанында
Жыр болып ағармын мәңгілік.
Дүниені ән қылып,
Сән құрып…





Пікір жазу