03.06.2022
129
Ғашық болсам...
Ғашық болсам,
Саған ғана ғашықпын,
Сезімімнің
сыр сандығын ашыппын.
Шаршағанда
қуат-құйып жүрекке,
Жырларымды Жыландыдай тасыттың.
О, туған Жер,
кіндігімді кескен ең,
Ақ сүтіңді
қақтап еміп өскен ем.
Жаным-дағы,
қаным-дағы Сенікі,
Аярым жоқ
сенен менің ештемем!..
Соғып тұрған
жүрегімде қан барда,
Тамырыңды
жалғастырам таңдарға...
Құшағыңа
құлаймын кеп,
сұлаймын,
Сезім сөніп,
Арман маңып қалғанда!..
Есенгелді
ауыл едің үйірлі,
Бірлігіңе,
тірлігіңе ел сүйінді!
Қырық үйлі
қауым едің қауқарлы,
Қырық жерде
томпаяды үйінді.
Босаға жоқ,
шаңырақ жоқ,
есік те...
Аруақ боп
кеткен бәрі көшіп те?!.
шаранадан
шырылдап мен туған соң,
Тербеттің Сен
үкілі тал бесікте.
Бәрі қиял,
бәрі елес секілді:
Бұрымды қыз,
бұла бала кекілді...
Құшағыңа ұйықтап кетсем бір күні;
Самалыңмен перделей сал бетімді.