meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.06.2022
  164


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Шыңыраудан шындығымды шыңғыртып

Шыңыраудан
шындығымды шыңғыртып,
тырнағынан
тұманының дым бүркіп,
Ақиқаты
адастырады ақылдан,
Жалаң жалған
Жұмыртқадан жүн қырқып.
Сен де,
мен де
қалдық тұттай жалаңаш...
Дөңгелеген
дүниеде Заман аш!
Санадағы
сезімімді өлтіріп,
Ақыл менен
ақымақ кеп аралас...
Жылдар өтті
шаранада шала мас.
Шаттығыңды
шаштан жұлып сүйретті,
Қайырымның
қайырына қарамас.
Тіршіліктің
түтеленген түтіні
тағдырыңды
тоқыратпай тарамас!
Оу, періште,
иығымнан түс-тағы,
Ең болмаса,
рухымды ала қаш?!.
Мен қалайын жалаңаш!!!





Пікір жазу