03.06.2022
  97


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

«Қайдасың Сен? –

«Қайдасың Сен? –
дейін десем,
Қайда екенін білемін...
Айға сіңсең,
кейіндесең,
Түн түндігін түремін.
Ұйқылы-ояу
пейіл кешем,
ұйығыма түнедім...
Жалған күлген
Жалғанымның
етегіне жармастым,
Арман күннің
арбасында
арбалумен алға астым.
Ақындықтың
ауылынан
естілгендей алғашқы үн?!
Мұнар-мұнар
мұңын жаққан
Мұнара жыл жалғасты.
Сен де мұңлы,
мен де мұңлы, ауылым,
Іздедік пе
тіршіліктің,
Жыршы үміттің тәуірін?!
Жеті белес
Желкесі де үзілді,
Дариғаның
дауа қылып дәуірін,
Жаба тоқып
Жалғанымның жауырын.
Сен де тоздың,
мен де тоздым, ескірдік,
Көкжиекке
батар күндей кешкірдік...
Жалғанымның
Жақсысынан жамандық
көп екенін кеш білдік,
Мына ғұмыр
бір-ақ тұтам,
бескүндік ??.





Пікір жазу