03.06.2022
97
Қызыл -жасыл гүлдерім...
Қызыл-жасыл гүлдерім,
Жүрегімде гүлдедің...
Түсіретін түнге мұң,
Тамсандырар түн– керім,
Уылжыған үндерің
Таң нұрымен ашылып,
Мөлдір шықтай шашылып,
Тағдырымды түрледің!..
Қиялдарым қырды асып,
Сезімдермен сырласып,
Қызыл ерін жымдасып,
Құпиясын ұрласып,
Ұяласып, ымдасып
Тұрған кезде, Тәңірім,
Жүрек қалап әмірін
Жүргізгенге жыр ғашық!..
Сезім нәрін сіңіріп,
Жүрегіме жүгініп,
Боркеміктей үгіліп,
Тағдырынан түңіліп,
Сіңіріне ілініп
Тұрған маңып гүл-Ғұмыр,
Қауышқандай нұрды нұр,
Бір күдік пен бір үміт.