03.06.2022
97
Балалықтан, жастықтан, жігіттіктен
Балалықтан, жастықтан, жігіттіктен
Үкілеген үкідей үміт күткем...
Жапырағын жалғанның басып өтіп,
Арылады көңілден күдік біткен.
Балалықтың босанып бесігінен,
Ене бердім егделік есігінен.
Таңдайыңа таңғы шық тамшылайды,
Есінеген көңілдің есі кірген.
Қарт Қалбаның тұлғалы тұғырындай
Тұрамын деп, өттім бе ұғынылмай?!.
Кәрі тірлік қыртысын қажалаймын,
Сірне қатқан сабаның сынығындай.
Күн көз жұмып,
Тылсым түн түнергенде,
Өзегімде өлермен үн өргенде,
Қысқа жіпке қылқынып қала бердім,
Діл өлгенде...
Тұралап тіл өлгенде...