03.06.2022
96
«Пірім» қандай екенін...
«Пірім» қандай екенін,
Қайда тұрақ– мекенін
Білмесем де,
Жобалаймын гүл іспет...
Алыста,
Самғау ғарышта
Алтын белбеу– пүліш Көк
Қиялымның қияны,
Тағдырдың тозған тұяғы
Таба ма туған ұяны,
Шегірен шеккен күмістеп?!.
Періштем бе,
«Пірім» бе?..
Бейнесін де, түрін де көрмесем де,
Беріктас па, Айыр ма
Өлең болып өрілген,
Көмейден жыр төгілген
Жазира жүрек – жайылма?!.
Бола алмасам құдірет,
Көкбөрідей ұлып өт,
Саялайың сайыңда,
Қойыңнан орын дайында!..
P. S.
Қолдаушым – «Пірім»