03.06.2022
118
Піріме бас ұрсам...
Піріме бас ұрсам,
Шоқ гүлдей ашылсам,
Шапақтай ашылсам, несі мін?!.
Жыр еміп жөргектен,
Әдемі ән шөлдеткен,
Бақыттың тербеткем бесігін.
Ғұмыр боп гүлдеймін,
Бүршіктей бүрлеймін,
Пірімнің білмеймін есімін...
Өлең боп өрілдің,
Жыр болып төгілдің,
Аштың да көңілдің есігін.
Пір тұтсам Тілімді,
Ділімді,
Дінімді...
Ұраным емес ол бүгінгі,
Шығатын кеш үнім!..
Тәңірден сұрасам
Кешірім, несі мін?!