03.06.2022
127
Қыран қонақтар қияға
Қыран қонақтар қияға
Ұшып баруды армандайтын,
Өмірдің өзіне,
тіпті Күннің көзіне алданбайтын,
(малтаны малданбайтын)
Жандардың
Күндері көк шатыр күмбезді,
Тірлік төрінен түн безді...
Бақытты іздемей қиядан,
Ұзамай өріс ұядан
Жүрген жандар күрделі?!.
Оларды дүние дүрмегі,
Уақыттың жүрдегі
Еліктірмейді...
Делебесін желіктірмейді.
Құлы ма күйез күйіктің,
Әйтеуір,
Тірлік еріктірмейді,
Заман зеріктірмейді?!.
Ақиқатты айтып ашына,
Шындықтың шашына жармасатын,
Көк қаптал түндерге,
Көк кептер күндерге
Қарны ашатын пенделер қабаққа бұлт іліп,
Желкені жыртылып,
Уақытта бір-бірімен алмасатын,
Бір жығылып,
Бір тұрып,
Аша алмай Абыз қақпасын,
Белгілі болуға ұмтылып,
Белгісіз болудан сақтасын!..