03.06.2022
  110


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Өскеменім

Өскеменім,
Алтайдың алқасысың
Алтындаған,
Шығыстың
Шырайысың жарқылдаған!
табаны қызған
Түрік арғымағы
Ертістің
Суын ішіп салқындаған.
Өскеменім,
Қойныңда Сақ та жатыр,
Ғұн да жатыр,
Жүректе қуаныш та,
Мұң да жатыр...
Таңында Тәуелсіздік
Туым тіктім,
Қазақты
Шұғылалы нұрға батыр!
Өскеменім,
Үстінде қос өзеннің
Тербетіліп
Келесің,
Құлағыңды желге түріп.
Тастадым
Күдігімді күлге көміп,
Төріне
Көңілімнің төрлет, Үміт!..





Пікір жазу