03.06.2022
  86


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Өскеменім

Өскеменім,
Мен үшін топырағың,
Тасың-дағы
Қымбатты,
Бақытымдай басымдағы!
жастықтың
Жазиралы жайлауындай
Жылдардың
Сенде көзі ашылғаны...
Тұяғын тіршіліктің
Тоздырғанша,
Тағдырдың
Ақ Ертістей тасынғаны
Әлі де басылмады...
Асты ма,
Аспады ма асуынан,
Арманның
Ақ құсындай асылдары?!
Қымбаттым,
Сый-сыяпат сыбағасы
Жырлардың жүректегі шашылғаны!
Өскеменім,
Сенде өтті жалындаған
Жастығым да,
Малданып
Жүрген кезде мас ғұмырға...
Тағдырым
Тайғанақтап тұрған кезде
Сүйедің,
Табындырмай тас-тұғырға.
Көктем боп
Сен жапырақ жайған кезде,
Қызыл гүл
Қауашағын ашты қырда.
Өскеменім,
Әйтеуір балаң Сенің
Маңайыңда
Жүреді,
Адасса да талайында...
Мен сені,
Сл сен де мені сүйеміз
Ғашықтардай бал айында!
бабамнан
Бақыт болып қалған қала,
Бір сенің
Керегіңе жарайын да!?





Пікір жазу