03.06.2022
  122


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Поэзия пәтуасы

Поэзия!
Сен де сорлы,
Мен сорлы...
Жалаңаштап шешіндірді,
Шешіндің.
Отың өшті,
Мен де отымды өшірдім,
Құйға батқан күйіңді де
кешірдім,
Көтере алмай еңсеңді...
Еңіреді есіл мұң,
Бәйтеректей теңселді.
Поэзия!
Сағаладың сырахана, барларды,
Аттан құлап ар қалды.
Лыпасы жоқ үстінде
Мөлдір сезім алданды...
Көктен құлап түстің де,
Жастық қылып жалғанды
Атаукереңді іштің де,
Айналып кеттің мүскінге!..
Шабыт шаңға аунап жатып арланды,
Поэзия!
Тобылғыдай торы сыра тойдырып,
Бас көтерді сой қылық...
Алақанда арманыңды аялап, Сайран құрған саябақ
Төсек болып,
Тартып бара жатты енді ой-құдық...
Жатыр...
Жатыр шабытына шалынып,
Жұлдыздарды жамылып.
Пәтуасыз...
Пәтуалы ғұмыр ма,
Жентектеліп жататұғын жұмырда?!
Поэзия ұйқылы-ояу
Көтеріліп бара жатты тұғырға.





Пікір жазу