03.06.2022
  123


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Соңғы кезде...

Соңғы кезде...
соңғы кезде, Ұланым,
Айыртаудан
аңырайды бір ағын.
Сағыныштың
сағасына қосылып,
Сылдырайды
қыз күлкілі бұлағың.
Жусаныңның
иісіне исініп,
Сәбиіңдей
құшағыңа құладым.
Жүрегімнің
жылғасынан жылыстап,
Әуеніңе
айналады жыр--әнім!.
Тағдырымның
тереңдегі тамыры
Туған жерім,
Атамекен тұрағым!
Ұлы дала
ұлағатын ұлықтап,
Көк Түріктің
көтеремін ұранын,
Сенің өткен тарихың –
Құраным!..





Пікір жазу