03.06.2022
126
Айтарымды тауысқан сияқтымын...
Айтарымды тауысқан сияқтымын,
Кетілгендей кемерлі тұяқ бүгін.
Жап-жалаңаш жалғанның жүзі қара,
Ұрлап кетті ұядан ұятты кім?..
Атасы өлді сөздің де сөйлемеген,
Бұжырланып барады бейне деген.
Жарықты да,
көрмейтін қараңғыны
соқыр артық секілді кейде менен?!
Мас өмірдің мауыққан кескіні ерен,
Қышқырығы құлақты кескілеген…
Саңырауың бақытты менен гөрі,
Замананың мұң-зарын естімеген.
Қаңсып күйіп барады күнге кемем,
Жанымды ешкім қалмады жүндемеген.
Сақаудың да бақыты басым менен,
Басын басып жатсаң да үндемеген.
«Бақыттылар» бар екен жер бетінде,
Тіршілігін кешетін тербетіле.
Соқыр, мылқау, саңырау «бақытынан»
Қашқан көңіл,
Кір-дағы көрге түне!...