03.06.2022
  113


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Терезең болмасын перделi

Ай болып мен көктен төнейiн,
Сәулешiм, жүзiңдi көргелi.
Сәуле боп бетiңнен өбейiн,
терезең болмасын перделi.
Жұлдыз боп аспаннан ағайын,
Өлеңнiң өрiлсiн өрмегi.
Деме сен: «әйнектi жабайын»,
Сәулешiм, сырып қой перденi.
Телмiрiп мен қарап,
Ай қарап,
Сезiмнiң жанары селдедi.
Армансыз өзiңдi аймалап
Сүйейiн,
сырып қой перденi.
Жасындай жарқылдап жас үмiт,
Ғашықтың бесiгiн тербедi.
Жел мiнiп жеткенде асығып,
терезең болмасын перделi.
Сығалап жақтаудан төнейiн,
Сәулешiм, жүзiңдi көргелi.
Сағынып самалын төгейiн,
терезең болмасын перделi.





Пікір жазу