03.06.2022
  139


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Сенен де ұяламын...

Сенен де ұяламын,
Сеңгiр Аспан,
Қабағы қара бұлттың көрге ұласқан!..
Барады мөлдiреген мейiр кетiп,
айқара ашылатын кең құлаштан.
Жердегi жезөкшелi жалаңаш хал
аранның аузындағы арам астар!
Қарайтып жүрегiңдi жiбермей ме,
гүл менен күл қосылған аралас бал!?
Әлемнiң әлем– жәлем«әйгерiмi»,
Ойлының жайланады қай көңiлi!?
Пенденiң пейiлiнде пайымдалмас
Жұмақтың жазиралы жайлы өмiрi.
Дұғасы дарымайды дуалының,
уланған уағызы уәлiнiң.
Тоғышар тоқтап қалған тоғанында,
сарсытып сар қамысы су ағынын.
Тартылған теңiзден тұз түзiледi,
үмiттiң арқау жiбi үзiледi...
Қара бұлт,
қара жауын,
қара батпақ...
Қарайып бара жатыр күз реңi...





Пікір жазу