03.06.2022
  121


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Тостыңдар ма туыстасым...

Тостыңдар ма туыстасым,
туғаным,
Жыландыға жөргегiмдi жуғамын...
Армысыңдар, Кеңқияқ пен Кемерiм,
шабындығың саласындай шуданың?!
Армысыңдар,
Қаражал мен Құтымбет,
Жамап бершi жыртығымды бiртiндеп?!
Сергiт жанды самалыңмен сыйпалап,
Сыртым жылтыр,
iшiм жатыр түтiндеп...
Қайран ауыл,
қайран ескi үй қираған,
сен едiң ғой маған өмiр сыйлаған?!
Жер бетiнде жемiсiреп жатырсың,
заман,
заман сенi, менi қинаған!





Пікір жазу