03.06.2022
128
Жауыр жыр...
Жауыр жыр,
жауыр өлең,
жауыр ұйқас...
Жауыннан қорғалайтын
сауыр – үй тас,
былшыққа бұратылған
кiрпiктерi ерiнген есiнеуге
ауыр ұйқы аш.
Ауыр ұйқы – ауыру,
өлiммен тең,
Оянбайда – ау көсiлiп төрiнде ертең!?..
Жалын жалап,
лапылдап лауламаса,
көкөрiмдей көктемес
көңiлде өртең.
Ауыр ұйқы - өлiммен тең...