03.06.2022
  132


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Жақсы өмiр

«Жақсы өмiрдi» түсiнемiн қалай мен,
Сырласамын сәуле сепкен араймен.
Адам жаны – жұмбағы көп құбылыс,
Көмбесiнде қатпарланған талай кен.
«Жақсы өмiр» - табыну мен құлшылық,
Соқыр сезiм емес,
сенiм,
жыршы үмiт.
Сығаласаң саңлауынан санаңның,
тағдыр жатыр тұманына тұншығып.
«Жақсы өмiрге» адам бiткен ашқарақ,
«Жақсы өмiр» емес бiрақ ас – тамақ...
Көлеңкесiз жұмақ та емес Күн күлген,
«Жақсы өмiр» мен бiлгеннен басқарақ.





Пікір жазу