03.06.2022
  98


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Бал татыған балалық базарында

Бал татыған балалық базарында
жүретiнмiн құлын – күн назарында,
Отауында ойынның от лаулатып,
Қайнайтынмын қуаныш қазанында.
Сәбилiктiң сәнге орап салтанатын,
Құмарлықтың құрышы тарқалатын.
Бетiн жуып нөсермен тазарған Күн.
Жанарынан тамшылап бал таматын.
Балалық – ай,
бiлмейтiн азап отын,
Жайдақ мiнген қызықтың қазанатын.
Қунап кiрiп қуаныш құшағына,
Ақ сүтiндей Ананың тазаратын.





Пікір жазу