03.06.2022
118
Әулие жандар
Отырмын түнде жыр жазып,
Санадан саяқ сыр қазып.
Таусылған кенi шахтадай,
түйiрiн тапсаң,
бұл да азық.
Жүйесiн жiктеп ойыңның,
/Буынын iздеп мойынның./
Тапқанда ,
толар шаттыққа
бұрқырап қоншы – қойының.
Ақын да кеншi – адамы,
Қолында қайла – қаламы.
Опырып ойдың астарын,
Асылын тауып алады.
Құдайдан былай ол кезде,
Бақыт да бөлек,
сор да өзге...
Қиялы кетер қыдырып,
дәруiш кезбе,
жолкезбе.
Жия алмай сезiм қанатын,
талпынған топшы талатын...
Ұшатын,
қайта қонбайтын,
Әулие жандар – бар Ақын.