03.06.2022
  131


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Жалған дүние!..

Жалған дүние!..
Асылдан да,
Жасықтан қалған дүние.
Жетесіне
Жете алмай мен отырмын,
Тамырынан
Тартылып қалған күйіне?!
«Жалған дүние!..»
Екені қалай білінген?
Қулық құлындады ма
Арай күніңнен.
Жаңғырыққан
Жартастың жаны ышқынып,
Жалғандықтың
Жаласы тарайды үнінен.
«Жалған дүние!..»
Жабырқап қала бересің,
Арып-ашып
«жұмаққа» бара көресің.
Жетесіздік
Жүйкеңді жұқартқанында
Сағымға алданып
Қалады елесің.
«Жалған дүние!..»
Опасыз опындырасың,
Етімді жеп,
Сүйегімді отын қыласың.
Сезімнің көзін,
Сананың сөзін жоғалтып,
Миыма сіңіресің
Мәңгүрттің соқыр мұрасын?..





Пікір жазу