03.06.2022
107
Күн көзі
Күн көзі
Көктемеде нұрланады,
Көк құрақ
Балғын буын ырғалады.
Шалқыған
Шабындығы Кеңқияқтың
Самал жел
Сауырынан сырғанады.
Сыбырлап
Көк теректің жапырағы,
Жаныңды
Рахатқа батырады.
Көкектің
Күмпілдеген кеңірдегі
Балалық
Базарына шақырады..
Шымшықтың
Шықылдаған дауысынан
Оянған
Есенгелді атырабы.
Тыныштық
Тынымыңа жақындайды,
Қуаныш
Құмарыңды тақымдайды.
Қаймақсыз
Қарасудың балдырынан
Құрбақа
Құрақ ұшып бақылдайды.
Қойтастың
Қына басқан тастарына
Шаншылып
Саршұнақтар шақылдайды.