03.06.2022
  110


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Таң атты...

Таң атты,
Күн шықпаған...
Тыныштық маң,
Жаяулап
қырға шықтым
пүліш тұтқан.
Шалғынын
Кешіп келем Кеңқияқтың,
Жонарқа
Жылтылдаған күміс шықтан.
Тап-таза
Ауа қандай мөлдіреген,
Ескек жел
езуінде елжіреген!..
Шабыттың шымылдығы ашылғандай,
Өзегін
Жарып шығып өндір өлең.
Жыланды
Көмейінен бүлкілдейді,
Сабасы
мес қарындай іркілдейді.
Күміс шық
Балағыма жабысады,
Қуаныш
көз жасындай сүртін,
мейлі!..
Манаурап
Есенгелді бұйраттары,
Қамыстың
Күлтеленген сыйрақтары...
«Армысың,
Ардақтаған Бабаларым!»
Десем мен,
Үн қатпайды зират маңы.
Осында
Сағым қуып,
Нұр ұстағам,
Қайраттың
Күш-қуатын құрыштағам,
Аршаңмен
Аластатып қабірімді,
Иіскеп жусаныңды
Тынышталам!!!..





Пікір жазу