meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.06.2022
  155


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Сағынышым

Сағынышым
сары майдай еріп бір,
Сезімімді
Сергелдеңге салады.
Шымқораның
шуағынан төгіп нұр,
Тамырымнан
туыстығын табады.
Егделіктің
есігінен еніп тұр,
Қара күздің
қалт-құлт еткен қадамы.
Көмейінде
кептеледі көрік Тіл,
тас тығылып,
Бітелгендей тамағы?!
Еңкеймеген
еңсеме кеп егіп гүл,
Бақытымның
бағында бүр жарады.
Куәгерім
Тәңір көкте көріп тұр,
Сенің жаның,
менің қаным
бір арнада ағады...
Сағыныштың
Сар самалын серік қыл,
Ауылың да,
бауырың да,
Махаббаттың қамалы!





Пікір жазу