03.06.2022
  114


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Ауылым

Ауылым,
айныдың ба,
жерідің бе,
Бақытқа
балқып жүріп байқамаппын?!
Кей кезде
қар суындай ерідім де,
Кей кезде
қара судай қайта қаттым.
Аңырып айдалада
қалғандаймын,
Алланың
алақаны аяламай?!
Кешегі
ойсыз күнді армандаймын,
Жүретін
Көлеңкені саяламай.
Алысқа,
не ғарышқа ұшайын деп,
Көңілдің
көк дөненін қамшыладым.
Тірлікті
тебініне тұсайын кеп,
Жүректің
Жіпке тізіп тамшыларын.
Ауылым, алыстасың,
қасымдасың,
Таңдағы
тағдырыма таянышым...
Анамның
құшағы боп ашылғасың,
ұлыңды...
Ақыныңды аяу үшін!!!





Пікір жазу