03.06.2022
  83


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Сарғайып сары к үз келді...

Сарғайып сары күз келді,
Айғыздап әжім жүздерді.
Айқұлақ асыл атырап,
Жамылған жасыл жапырақ
тартылып тамыр,
дүзде өлді...
Көк болат күндер құрсанды,
ұшырып мұрттай мұршамды,
Көңілді кермек мұң шалды,
Үміттің жібін үзген-ді...
Сезімнің көзі жұмылып,
Жүректің сөзі құмығып,
Тарылды тірлік тынысы...
Тамырда қаным сұйылып,
Миыма судай құйылып,
Бүрісті қарын-құрышым.
Қайдасың,
Тәңір, қолдаған?!.
Көрсетші жаңа жол маған,
Тым ғұрса,
көрін елес боп,
Әйтпесе, бәрі құрысын!..





Пікір жазу