03.06.2022
  147


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Сені іздеймін

Сені іздеймін
сезімнің санасынан,
Сені іздеймін
ақылдың адасынан,
Сені іздеймін
көңілдің даласынан,
Табылмайсын...
Таусылдым табанымнан,
Жаутаңдаймын
жаңылып сабағымнан.
Қара күздің
қалтырап қаһарына,
Күндеріме
налимын таба қылған.
Сені іздеймін
арманның ақ таңынан,
Сені іздеймін
қиялдың қатпарынан.
Сені іздеймін
барқыт күн бақтарынан,
Көрінбейсің...
Жымдарға жасырынып,
Аспағына асылып асыл үміт,
Өтіп кетті
керуені күндерімнің,
Көкке қарап
Көкбөрі– Ғасыр ұлып!..
Нені іздеймін?.
Білмеймін,
аңтарылам,
Шабыттандым
шаттықтың шалқарынан!..
Тіршіліктің
таттым көп талқанынан,
Тойындым ба,
тәбетім, таусылдың ба?!.
Өмірімнің
өңірін қаусардым да,
айғай салдым
Алтайдың асуынан,
Жетер...
Жетпес дауылды
даусым мыңға!?





Пікір жазу