03.06.2022
  129


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Түсiңiз суық екен...

«Түсiңiз суық екен,
көзiңiзде от,
пәлеге ұрынатын өзiңiз кеп.
Пiспей қалған қауынның пәлегiндей,
Жылудың жүр екенсiз көзiн iздеп»
Неден ғана түңiлдi бұл ағасы,
әлде қалған көңiлдiң құламасы?!
«Қалжасынан қоянның түңiлгендей»,
Осы шығар сыяпат– сыбағасы?!
Мен не дейiн,
Берем бе анықтама?
Таймаушы едi табаным тамұқта да...
Жел үрлейдi жүректiң жыртығынан,
Сенбесеңiз,
Iшiмдi жарып қара!
Түсiм суық болғанмен,
Жүрек ыстық,
(Ақын жаны арықтап жүдегiштiк)
ұлағаттың ұясы жетiлдiрiп,
Тiршiлiктiң көгiне түлеп ұштық.
Жалынымды жауында өшiрмедiм,
Жүн түтiлiп,
Арқандай есiлмедiм.
Дүбiрлеген дүн
иенiң дүрмегiмен
Аспан асты,
Жер үстi көшiндемiн.
Белгiсiздеу жақсы мен жамандығым,
Анықталмай жатқан соң бағам бүгiн.
Қалады ертең тарихтың табанында,
Тiрлiктегi тұмардай тағар мiнiң.
Түсiм жылып сол кезде,
Көзiм күлiп,
(Құдай берсе,
тозбайды төзiмдiлiк)
Ауыздықсыз асаудай аласұртпай,
Қоймадың ба үндемей,
өзiң бiлiп?!
Iздемей– ақ сезiмге iлiк...





Пікір жазу